Lifestyle

Кәмшат Жолдыбаева: Қызықты бірдеңелер болып жатуы керек

Дене сымбатын сақтау үшін ол спортпен айналысуды, темір көтеруді доғарған / фото: Instagram
Дене сымбатын сақтау үшін ол спортпен айналысуды, темір көтеруді доғарған / фото: Instagram

Актриса әрі әнші Кәмшат Жолдыбаева қоңырқай отбасылық өмір сүріп жатыр. Сондықтан өмірінде қызықты жайттардың аз екенін айтты.

Кәмшат Жолдыбаева әлеуметтік желіде неге белсенді емес екенін осылай түсіндірді. Айтуынша, ол сторис аз түсіреді.

«Маған біреу көп сторис түсір деп кеңес берді. Менің ойымша, ол үшін өміріңде қызықты бірдеңелер болып жатуы керек», ­- деді Кәмшат Жолдыбаева.

Десе де, отбасылық бақыт бұйығы тіршілік деген сөз емес. Әнші сұхбат беріп, дене күтіміне қатты мән береді. Жақында оның бір сұхбаты жарияланбақ.

«Бүйтіп ұзақ әңгіме құрып, интервью бермегелі қай заман. Қайтейін енді, айтатын нәрселер көп қой сол кез туралы. Оның үстіне, мұндай мүмкіндік енді қашан болады?» ­- деп жазды Кәмшат Жолдыбаева.

Дене сымбатын сақтау үшін ол спортпен айналысуды, темір көтеруді доғарған. Оның орнын би, табата, йога басқан. Әнші 2023 жылы актер Ғазрет Қажмұханға күйеуге шыққан.

Мұның алдында Кәмшат Жолдыбаева әйелдер жамағатын құрмақ ниетін жариялаған еді.