Lifestyle

Көктөбеге кіру құны неліктен 25 мың теңгеге өсті

Кок тобе
Көктөбеге кіру құны неліктен 25 мың теңге өсті / Фото: koktobe.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Әлеуметтік желілерде Алматының көрікті жерлерінің бірі, «Көктөбе» биік таулы саябағы талқыланды. Қала тұрғындары тұрақ бағасының тым жоғары екенін айтуда.

Ақпаратты алғаш болып блогер Әсет Мырзабаев жариялады. Бейнежазбада блогер автомобильдерге кіру және тұрақ құны 25 мың теңге болғанын айтып шағымданды. Оның айтуынша, төрт адамды отбасы үшін автобуспен көтерілу үшін 16 мың теңге беруге тура келеді.

Айта кету керек, екі жаққа бару билеті 12 жасқа дейінгі балалар үшін толық төрт мың теңге емес, 1800 теңге тұрады. Бес жасқа дейінгі балалар мүлдем тегін жүреді.

Көктөбе паркінің әкімшісі Фархат Уәлиев автомобильдерден алынатын ақша жыл сайын көтеріліп, олардан түскен қаржы аумақты күтіп ұстауға кететінін түсіндірді. Көктөбе экологиясы да ескеріледі.

«Баға – машиналар ағынын реттеудің жалғыз әдісі. Бізде коммерциялық қызығушылық жоқ. Саябақ іс жүзінде жылына төрт ай ғана жұмыс істейді. Осы кезеңде тапқан ақша қызметкерлердің жалақысына және саябақты күтіп ұстауға кететін басқа шығындарға кетеді. Электр энергиясының жыл сайынғы қымбаттап жатқаны да бар. Біз бұл шығындарды да өтейміз», — деп түсіндірді саябақ өкілі.

Қала орталығынан аспалы жолмен көтерілу бір адамға екі жаққа да 10 мың теңге тұрады. Бұл отбасылық бюджет үшін қымбат болса, Омарова көшенен жоғары автобуспен көтерілу қажет.