
«Алтыналмас» компаниясы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер сыйға тартады.
Спортшы мен компания арасындағы серіктестік 2022 жылы басталған. Екі жақты келісімшарт аясында чемпионға тұрақты түрде демеушілік қолдау көрсетілген.
Бөлінген қаражат спортшының халықаралық жарыстарға дайындығын, оқу-жаттығу жиындарын және бейінді мамандардың жұмысын толықтай қаржыландыруға мүмкіндік берді.
«Олимпиада шыңын бағындыру – жеңіс тұғырына дейінгі ұзақ жылдарды қажет ететін қажырлы еңбек. Біз осынау даңқты жолдың бір бөлшегі болғанымызға қуаныштымыз», – дейді компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Жұманбаев.
Бұған дейін Арсен Томский Михаил Шайдоровтың әкесіне Audi Q8 автокөлігін сыйлаған.
Еске салайық, Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында тарихи жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салған еді.