
Ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаров Үкімет брифингінде елдегі еттің нақты бағасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, базардағы ет бағасы 4 мыңнан аспауы тиіс.
Кейбір шаруалар еттің «шынайы» бағасы 10-12 мың теңге болуы керек деген мәлімдеген.
Алайда Сапаров бүгінде экспорттық баға еттің санатына қарай 4,5 мыңнан 6 мың теңгеге дейін жететінін, ал ішкі нарықта малдың тірілей салмағы орта есеппен 1,7 мың теңге екенін алға тартты.
Оның есебінше, бұл көрсеткішті таза етке шаққанда келісіне 3-4 мың теңгеден айналауы тиіс.
Бірақ Ұлттық статистика бюросының деректері қазіргі таңда Қазақстанда сиыр етінің орташа бағасы 4,9 мың теңгеге жеткенін растап отыр. Сиыр еті кейбір Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне қарағанда қымбат.
Бағаның бұлайша құбылуына ақпан айындағы 26,8 пайыздық өсім де әсер еткен, бұл – тіпті ЕуроОдақтың кейбір елдеріндегі бағадан да жоғары көрсеткіш.
Осы орайда, алдағы 3-4 жылда ет бағасы 15-20 мың теңгеге дейін шарықтайды деген болжамдар айтылғанымен, министрлік бақылауды күшейту арқылы жағдайды тұрақтандыруға тырысып жатыр.