Пойыздағы жолаушыларға ауызашар мен сәресі ұйымдастырылады

Жарияланды 24 Ақпан 2026 09:30

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
ауызашар дастарханы
фото: shutterstock

Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында пойыздағы жолаушыларға ауызашар мен сәресі ұйымдастырылады. Бұл туралы Жолаушылар тасымалы АҚ мәлімдеді.

Компания мәліметінше, вагон-мейрамханалар күн сайын сағат 08:00-ден түнгі 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал ораза ұстаған жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында сәресі уақытында – сағат 04:00 пен 05:00 аралығында қосымша ашық болады. Осы уақыт ішінде жолаушылар ораза басталғанға дейін таңғы ас іше алады.

Рамазан айында вагон- мейрамханаларда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады. Сондай-ақ ауызашар кезінде жолаушыларға су мен құрма тегін таратылады. Қасиетті айда пойыздарда алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ауызашар мен сәресі кезінде қандай тағамдарды тұтыну керектігі туралы кеңінен жазған едік. Мамандар жеңіл сіңетін, дәруменге бай әрі ағзаны ұзақ уақытқа қуаттандыратын тағамдарға басымдық беру қажеттігін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз