
Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың Қазақстанға қашан және қай қалаға ұшып келетіні белгілі болды.
ҚР Мәнерлеп сырғанау федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, спортшыны салтанатты қарсы алу рәсімі Астана қаласының әуежайында өтеді.
Мәліметке сүйенсек, қазақстандық спортшы 24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түні, сағат 01:30-да елге оралады.
Еске салайық, Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында тарихи жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салған еді.
Бұған дейін, кәсіпкер Арсен Томский Михаилдің әкесі, әрі алғашқы жатықтырушысы Станислав Шайдоровқа көлік сыйлаған еді.