Lifestyle

Сәкен Майғазиевтің болашақ немересіне түрік кәсіпкері тосын сый жасамақ

Кәсіпкер Әділет пен Әдия сәбилі болса, осы отельде күтпек / фото: Instagram
Кәсіпкер Әділет пен Әдия сәбилі болса, осы отельде күтпек / фото: Instagram

Сәкен Майғазиевтің болашақ немересіне түрік кәсіпкері тосын сый жасамақ. Дүниеге келгеннен соң, өз қонақүйінде сый-құрмет көрсетпек.

Айтуынша, Ақтау қаласындағы керемет қонақүйдің есігісі әншінің ұлы мен келіні, немересі үшін ашық болады.

«Grand Hotel. Қонақжайлылық танытып жатыр (түрік кәсіпкері – ред). Әділет пен Әдия сәбилі болса, осы отельде күтемін дейді. Тегін қарсы аламын дейді. Ақтауда осындай ғажап ауа райы болып тұр. Рахмет, Алла разы болсын», – деп ризашылығын білдірді әнші.

Сәкен Майғазиев қазір Ақтау қаласында үшінші концертін өткізіп үлгерген. Әнші бұл өңірді жақын тұтады. Маңғыстаулықтарды құдалар деп атайды.

«Кеше екі концерт өтті. Сіздердің арқаларыңызда ғажап болды. Ақтауда төртінші концертіміз өткелі тұр. Ауыз ашып келсеңіздер, үлгерерсіздер», – деп өнерін тамашалауға шақырды.  

Айта кететін жайт, Сәкен Майғазиев жақында немере сүйетінін айтып, сүйінші сұраған еді.