Тоқаев Орталық рефендум комиссиясы төрағасын қабылдады
Жарияланды

Бүгін Ақордада Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады.
Әбдіров Тоқаевқа референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмысы туралы мәлімет берді. Ал өз кезегінде мемлекет басшысы референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екенін атап өтті.
Жаңа Конституция жобасына халық талқысына шығарған референдум 15 наурызда өтеді. Бұл шараға 20 млрд 778 млн теңге бөлінген.
Референдумды өткізу ережесін толығырақ мына жерден оқи аласыздар.