«Уақыт бар»: Әмрин коммуналдық тарифтер қазіргі шекте қалатынын жоққа шығармады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

KursivMedia тілшісі Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннен «1 сәуірде елде мораторий аяқталған соң коммуналдық тарифтер күрт қымбаттап кетпей ме?» деп сұрады.

Үкімет кулуарында Азамат Әмрин ол мәселе алда қарастырылатынын атап өтті.

«Жақын арада тиісті шешім қабылданады. Тарифтерді қымбаттатпауға 1 сәуірге дейін мораторий жарияланған. Ол біткен соң қаншалықты өседі? Әлде сол күйі қалдыру керек пе, жоқ па? Бұл шешім алда қабылданады. 1 сәуірге дейін әлі уақыт бар», – деді ол.

Әмриннің сөзінше, тарифтерді өсіру немесе қазіргі шегінде қалдыру шешімі елдегі инфляция динамикасына байланысты қабылданады.

«Жыл басынан бері инфляция төмендеп келеді. Демек, динамика 0,1 пункт бойынша төмендеп келеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда қосымша құн салығы өскен соң бәрі қымбаттауы керек еді. Бірақ статистиканы қарасаңыз, инфляция төмендеп келеді. Яғни, біз қабылдаған шаралар жемісін беріп жатыр», – дейді ол.

Бұған дейін Азамат Әмрин Үкімет кулуарында елде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар көп тіркеле бастағанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз