Көктемде Жайық, Тобыл, Есіл өзендерінен қауіп бар ма

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Жайық өзені
фото: gov.kz

Көктемгі су тасқыны алдында Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобының отырысы өтті. Екі тарап Жайық, Тобыл, Есіл және Ертіс өзендері бассейндерінде тасқын суды өткізу сценарийлерін келісті деп хабарлайды су ресурстары министрлігінен.

Отырыста тараптар алдағы көктемгі су тасқынының болжамдары мен ерекшеліктерін талқылады. Сондай-ақ су қоймаларына келетін су көлемін алдын-ала бағалайтын болып келісті.

«Қазіргі уақытта біз ресейлік әріптестерімізбен бірге трансшекаралық өзендер бассейндеріндегі су шаруашылығы жағдайын мұқият бақылап отырмыз. Су қоймаларында тасқын суды қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр», – дейді су ресурстары министрлігінен.

Тараптар 2026 жылғы 2 наурыздан бастап су қоймалары қалай жұмыс істеп жатқаны және гидробекеттердегі су деңгейі туралы мәліметті күн сайын бір-біріне жіберіп отыруға уағдаласты. Яғни, сол күннен бастап олар су көлемі мен жағдайы жөніндегі ақпаратты тұрақты түрде алмасып тұрады

Қыс аяқталған уақытта су тасқынының алдын алу үшін жоспарлы шаралар күшейіп жатыр. Осы айда Астанада дайындық жұмыстарын бастады.

Үкімет дерегінше, елдің бес өңіріне су тасқыны қаупі төніп тұр.

Сондай-ақ оқыңыз