
«Отбасы банк» бірнеше қалада жеңілдетілген ипотекаға өтінім қабылдай бастады. Жылдық мөлшерлеме – 2% немесе 5%. Пәтерлер кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.
Жеңілдетілген ипотеканың шарттары
- Сыйақы мөлшерлемесі – кезек санатына байланысты жылына 2% немесе 5%.
- Бастапқы жарна – кемінде 10%. Қаражат «Отбасы банкіндегі» депозитте болуға тиіс. Тұрғын үй сертификатын пайдалануға болады.
- Өтінімді Otbasybank.kz порталы арқылы онлайн беруге болады.
Пәтерлерді бөлу тәртібі
Тұрғын үйдің 70%-ы басым санаттағы азаматтарға беріледі:
- ардагерлерге;
- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- көпбалалы отбасыларға және басқа да санаттарға.
Тағы 20% пәтер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қарастырылған.
Барлық пәтер кезекте тұрған азаматтарға таза әрлеумен тапсырылады.
Қай қалаларға қатысты
Түркістан облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы және Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындары, сондай-ақ Петропавл, Көкшетау, Талғар және Тараз қалаларының тұрғындары өтінімді Otbasybank.kz порталы арқылы онлайн бере алады.
Айта кетейік, «Отбасы банк» мемлекеттік сыйақыны жаңа тәсілмен төлегісі келеді.