
Айнұр Ілиясова күйеуінің нағыз «жұрттың байы» екенін айтып, қолынан келмейтін нәрсе жоқ, шебер деп мақтады.
Актриса күйеуінің тірлігі ебі бар бесаспап екенін мақтан тұтатынын жеткізді. Жарына деген құрметі мен сүйіспеншілігін көрсетті.
«Нағыз «жұрттың байы». Менің күйеуімнің қолы алтын. Шебер. Қол жуғышты да жөндейді. Сынып қалды, асты түсіп қалды. «Жұрттың байы» деген айдарға сұранып тұр», – деп мақтады актриса.
Айнұр Ілиясова қолынан келмейтін нәрсе жоқ екенін, бәрін жасай алатынын айтып жарын мақтап, жұмыс жасап жатқан еріне еркелеп, денесін сипалады.
«Менің күйеуім, менің күйеуім», – деп өзі де еркелеп, күйеуінде еркелеп, бетінен сүйгендей дыбыс шығарды.
Мұның алдында Айнұр Ілиясова Threads қолданушыларын тобыр деп атағаны үшін сынға қалған еді.