Белгілі кәсіпкер 70 жасқа толған Асқар Жұмаділдаевқа темір тұлпар мінгізді
Жарияланды

Қазақ ғылымының көрнекті өкілі, математик Асқар Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Мерейтой иесіне кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов ерекше тосынсый жасады.
Кәсіпкер Сырымбек Тау әлеуметтік желідегі парақшасында мерейтой құрметіне Жұмабек Жанықұлов Hyundai Palisade автокөлігін сыйға тартқанын жазды. Сыйлық иесіне табысталып, бұл сәт көпшіліктің ықыласына бөленді.
Ғалымды құттықтаған жазбада:
«Қазақтың тірі қазынасының бірі, ардақты ұстазымыз Асқар Серқұлұлы 70 жасқа толды. Осы мерейтойына орай ерекше сый жасалды. Ағамызды мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!»- делінген.
Айта кетейік, Асқар Жұмаділдаев Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосқан математик, көптеген шәкірт тәрбиелеген ұстаз.