
Белгілі блогер Айжан Байзақова отбасымен түскен видео-естеліктерді біріктіріп, бір постқа біріктірді. Әсерлі де әдемі сәттерден бөлек, жазбаның сипаттамасын оқыған оқырман екіұдай ойда қалды. Кейбірі Айжан бұл пост арқылы анасына ренішін білдіргісі келді деп топшылап жатыр.
Айжан Байзақова – үш баланың анасы. Жақында ғана қызды болды. Күні кеше ол отбасылық әдемі сәттер таспаланған видео салып, фонына өте әсерлі «Ару ана» әнін қосыпты. Бастапқыда сол постының сипаттасына блогер былай деп жазған еді:
«Балаңнан бір рет болсын кешірім сұрағаннан кем болмайтыныңды босанғаннан кейін ғана түсіндім. Көп адам баласына емес, басқаларға жақсы қарап, мейірімді болып көрінгісі келетінін байқаймын. «Ути-пути» деген мейірімді айтып тұрған жоқпын. Олардың бақытын қабылдап, ештеңеге қарамастан жақсы көріп, жасаған жақсылығы не болмаса айтқанын істегені үшін емес, сіз олар үшін бірінші орында болғаныңыз үшін емес, жай қабылдай алуды және олар сүйген адамды жақсы көруді меңзеп отырмын… Ұл болсын, қыз болсын, тең жақсы көруді айтамын. Баламды құшағыма басу үшін теңізді де кешіп өтуге дайынмын. Және оған еш намыстанбас едім» деп жазды Байзақова.
Блогердің бұл жазбасының астына оқырман сантүрлі пікір қалдырды.
«Мына сөзіме ренжімеңіздер, бірақ Айжанның анасы өзін өте маңызды санайтын, токсик адам сияқты ұстайды. Эмоциялық фоны да жасына сай емес. Ешқандай ересек адам, оның ішінде ана бола тұра баласымен санасып, «кім кімге көбірек қарыздар немесе кім кімді көбірек сыйлайды» деп тайталаспайды. Айжанға қарағанда олар көбіне қызын сағынудың орнына итін сағынып жатқанын, болмаса қызы босанып жатқанда мүлдем басқа бір әйелдің баласын бағысып, күтіп жатқанын салады, Ешқандай жақсы ана қанша жерден өкпелі болса да, көңілі қалса да олай жасамайды. Бала болған соң қателесуге құқығы бар. Олар ата-анасы 20 жыл бұрын өтіп кеткен жолдан енді өтіп жатыр. Сол үшін қателеседі. Тіпті сырттағы біреулердің өзіне анасының қылығы біртүрлі көрінеді» деп жазды бір қолданушы.
Енді бірі Айжанға анасын кешіруге кеңес беріп жатыр:
«Қазір ораза айы. Алла кешірімді болғанда біз кімбіз кешірмейтін?! Өзанаңнан, бауырыңнан асып қайда барасың? Сен жалғыз болғанда жаныңнан табылған. Кешірімді болып, бәрің татуласыңдар».
Бұл жазбаның сипаттамасын блогер кейін өшіріп тастады. Бірақ видео мен астындағы пікірлер сол күйі тұр. Айжан анасымен көптен бері араласпай кетті деген пікір желіде көптен бері айтылып жүр. Қазір екеуі бір-біріне әлеуметтік желіде жазылмаған.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Айжан Байзақованың қызды болғаны туралы жазған едік.