Дариға Бадықова журналист Нұрсейіт Жылқышыбаймен соттасты

Жарияланды 25 Ақпан 2026 21:57

(жаңартылды 26 Ақпан 2026 08:07)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Дариға Бадықова журналист Нұрсейіт Жылқышыбаймен соттасты / Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалған

Продюсер, әртіс, актриса Дариға Бадықова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды сотқа беріп жеңіліп қалды. Бұл туралы журналистің өкілі заңгер Инга Иманбай хабарлады.

Іс 2025 жылғы 4 қазанда YouTube платформасында жарияланған сұхбатқа байланысты қозғалған. Талап-арызда аталған сұхбатты шындыққа сәйкес келмейді деп тану, видеоны өшіру, жария түрде кешірім сұрату болған. Сондай-ақ 1 миллион теңге моральдық зиян, 2,5 миллион теңге заңгерлік шығын және 802 128 теңге сараптама ақысын өндіру талап етілген. Жалпы талап сомасы 4 миллион теңгеден асқан.

Алайда сот талапкердің барлық уәжін негізсіз деп тауып, арызды толық көлемде қанағаттандырусыз қалдырған.

Айта кетейік, өткен жылы қазанда Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, онымен не үшін ажырасқаны туралы айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз