Lifestyle

Дариға Бадықова журналист Нұрсейіт Жылқышыбаймен соттасты

Дариға Бадықова журналист Нұрсейіт Жылқышыбаймен соттасты / Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалған

Продюсер, әртіс Дариға Бадықова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды сотқа беріп, актриса жеңіліп қалды. Бұл туралы журналистің өкілі заңгер Инга Иманбай хабарлады.

Іс 2025 жылғы 4 қазанда YouTube платформасында жарияланған сұқбатқа байланысты қозғалған. Талап арызда аталған сұқбатты шындыққа сәйкес келмейді деп тану, видеоны өшіру, жария түрде кешірім сұрату болған. Сондай-ақ, 1 миллион теңге моральдық зиян, 2,5 миллион теңге заңгерлік шығын және 802 128 теңге сараптама ақысын өндіру талап етілген. Жалпы талап сомасы 4 миллион теңгеден асқан.

Алайда сот талапкердің барлық уәжін негізсіз деп тауып, арызды толық көлемде қанағаттандырусыз қалдырған.

Айта кетейік, өткен жылы қазанда Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұқбат беріп, онымен не үшін ажырасқаны туралы айтқан еді.