Дін қызметкері Иаков Воронцовты екі айға қамауға алды
Жарияланды

Алматыдағы тергеу соты бұрынғы дін қызметкері Иаков Воронцовқа қатысты бұлтартпау шарасын анықтады. Сот Воронцовты үйқамаққа жіберуден бас тартып, екі айға қамауға алды. Бұл жайлы оның қорғаушысы Ғалым Нұрпейісов хабарлады.
Бірақ адвокаты бұл шешіммен келіспейтінін айтады. Қарсы арыз түсіруге дайындалып жатыр. Оның сөзінше, Воронцовтың созылмалы аурулары бар, бірақ сот шешім шығарғанда оны назарға алмаған.
Еске салайық, Иаков Воронцов – Орыс православ шіркеуі (ОПШ) ұйымының бұрынғы қызметкері. Екі күн бұрын ол қамауға алынды. Бұрынғы дін қызметкерін есірткі құралдарын тұтынуға арналған притон ұйымдастырды деп күдіктеніп отыр. Алайда оның жақтастары бұл іс ОПШ-тан тәуелсіз православ шіркеуін құру әрекетімен байланысты дейді.