Елордалық оқушылар 26 ақпанда онлайн оқитын болады
Жарияланды

Астана қаласының білім басқармасы кейбір оқушыларды қашықтықтан оқытуға көшіру туралы ақпаратты бүгін тағы да жариялады.
«Ауа райының нашарлауына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты 26 ақпанда бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді», – делінген хабарламада.
«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша, Астанада 26 ақпанда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. болады деп күтілуде, түнде ауа температурасы -24…-26°C, күндіз -17…-19°C.
Бұған дейін Астана қаласының білім басқармасы 24 және 25 ақпанда бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушыларының күндізгі сабақтарын онлайн өткізген.