Жаңалықтар

Елордалық оқушылар 26 ақпанда онлайн оқитын болады

Елордалық оқушылар 26 ақпанда онлайн оқитын болады / Фото: Shutterstock

Астана қаласының білім басқармасы кейбір оқушыларды қашықтан оқытуға көшіру туралы ақпаратты бүгін тағы да жариялады.

«Ауа райының бұзылуына байланысты 26 ақпанда бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», – делінген хабарламада.

«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша, Астанада 26 ақпанда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. болады деп күтілуде, түнде ауа температурасы -24…-26°C, күндіз -17…-19°C. 

Бұған дейін Астана қаласының білім басқармасы 24 және 25 ақпанда да бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушыларының сабақтарын онлайн өткізген.