Жаңалықтар

Канадада триумф жасаған Astana Team хоккей командасы елге оралды

Канадада триумф жасаған Astana Team хоккей командасы елге оралды / Фото: Астана әкімдігі

Елордалық әуежайда Astana Team командасы салтанатты түрде қарсы алды. Олар Канададағы беделді Quebec International Pee-Wee Нockey турнирінде алтын алды. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.

Спортшыларды күтіп алу үшін олардың туған-туыстары, достары, жанкүйерлері, сондай-ақ, Спорт және туризм министрлігі мен Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері келген.

Фото: Астана әкімдігі

«Қарсыласқа бейімделдік, өйткені олардың хоккейі сәл өзгеше. Бізде академиялық хоккей бар, ал оларда хоккей басқаша. Ойын мүлдем басқаша, сондықтан біз жігіттерге күн сайын жиналыстар өткізіп, жаттығуды қайта құруға тура келді. Өйткені алаңдар кішкентай және біздікінен мүлде бөлек. Балалар мұны алғашқы матчтардан түсінді», – деді жаттықтырушы Владимир Матюхин.

Квебектегі жарыс 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлемдегі ең беделді хоккей турнирлерінің бірі. Жарыс төрт дивизионда өтті. Astana Team екінші дивизионда алтын жеңіп алды және келесі жылы AAA элиталық санатына көтерілуі мүмкін.