Михаил Шайдоровты жүздеген адам әуежайда күтіп алды (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Business News бөлімінің тілшісі
Михаил Шайдоров
Чемпион елге жеңіспен оралды / фото: Серикжан Ковланбаев

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 25 ақпанға қараған түні Астанаға ұшып келді. Спортшыны әуежайда жүздеген адам күтіп алды.

Әуежайда мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды. Елге жеңіспен оралған спортшы жанкүйерлер алдында тебірене сөз сөйледі.

«Түннің бір жарымында осында келіп, мені күтіп алған адамдарға алғысым шексіз. Көк байрағымыз Олимпиада ойындарының ең құрметті төріне көтерілген уақытта кеудемді мақтаныш сезімі кернеді», – деді жанкүйерлер алдында сөйлеген 21 жастағы чемпион.

Қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқан Михаил Шайдоров 13 ақпанда чемпион атанды. Оның жеңісі Италияның Милан және Кортина қалаларында өткен қысқы жарыстардың басты сенсацияларының біріне айналды.

Сондай-ақ оқыңыз