«Мың адамдық мейрамхана бар ма». Динара Сәтжан той қамына қызу кірісті

Жарияланды 25 Ақпан 2026 13:22

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Instagram.com / dinarasatzhan

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның ұлы – Даниал үйленгелі жатыр. Енді тойға қызу дайындық басталып кеткенге ұқсайды.

Динара Сәтжан ұлының тойына дайындық басталғанын stories-те жариялады. Ол өте мейірімді ене болуға сенімі мол екенін де атап өтті:

«Достар, сәлем. Мені құттықтап, құтты болсын айтып жатқан баршаңызға ақжарма тілектеріңіз үшін рахмет. Жекеме жазған әр хат, әр қоңырау жүрегіме жылы тиіп жатыр. Өйткені бұл біз үшін өте маңызды оқиға болғалы тұр. Кеше Даниал «Айнұр екеуіміздің суретімізді салмашы» деп өтініш айтқан. Бірақ таңертең оқырманға бұл сүйінші хабарда айтпасам болмас дедім. Ене болуға дайындалып жатырмын. Өзімнің жақсы, мейірімді ене болатыныма сенемін, сенімдімін. Ене болып, одан соң әже де боламын», – дейді Динара Сәтжан. 

Тойға дайындықтың басы мейрамханадан басталып жатқан сыңайлы.

«Кеше жолдасымнан қай мейрамханаға барша тума-туыс, дос-жаранды сыйғыза аламыз деп сұрағам. Бізге өте үлкен мейрамхана керек, Шымкенттегідей мың адам сыятын. Астанада ондай жер бар ма, айта отырыңыздар» деді тележүргізуші. 

Даниалдың таңдауы Айнұр есімді аруға түскен. Динараның айтуынша, ол болашақ келінімен ұлы әскерде жүргенде жақынырақ танысқан.

«Біз бірге барып, жағдайын біліп қайтатынбыз. Сол сәттерде Айнұр өзінің адалдығын, сабырлылығын және шынайы сүйіспеншілігін көрсетті. Ол – Даниалдың жанынан табылған нағыз сүйікті жан», – деп салды Динара. 

Бұған дейін Динараның ұлы сүйіктісіне сөз салғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз