Lifestyle

Қайрат Нұртас 37 жасқа толды

Қайрат Нұртас Ресей қалаларында концерт береді
Қайрат Нұртас 37 жасқа толды / фото: instagram

Бүгін танымал әнші Қайрат Нұртас 37 жасқа толды. Өнер иесінің туған күніне орай анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады.

«Бүгін менің тұла бойым тұңғышым, өздеріңіздің қашанда қолдап, қорғап жүрген, ал мен үшін ең мейірімді, ақ жүректі перзентім, ақ Қайроштарыңыздың туған күні! Өмірі ұзақ та мәнді болып, отбасымен бақыттың ең шыңында болуын Алла қабыл етсін!

Туған күнің құтты болсын шаттығың,
Болмасыншы ешбір жанға жаттығың.
Арыңа құй адалдықтың ақтығын,
Жаныңа құй жас сәбидің пәктігін!» – деп жазды ол.

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері де әншіні құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, марқұм Денис Теннің анасы Оксана Тенмен кездескен еді.