
Блогер және актриса Сабина Мовлаева Алматыны «қасқырлардың қаласы» деп атады.
«Алматыға көшіп келгеніме тоғыз жыл болды. Алматы – қасқырлардың қаласы. Бұл жақта сені жейді немесе сен жейсің. Сол себепті бәрін үйрендім. Бәрін оқыдым. Бәрін зерттедім», – деді блогер.
Оның айтуынша, анасы да бұған қатты таңқалады екен. Қызына «бәрін білесің, сені мен тудым ба?» деп таңырқайды. Сабина бәсекелестікке қабілетті болу үшін қыздарды мінсіз болуға шақырып отыр.
«Қыздар, мінсіз болып жүрейік. Жаз келе жатыр деп арықтамайықшы. Қыста да, күзде де, көктемде де әдемі болып жүруіміз керек. Кішкене ішіміз шығып кетсе, айнаға қарап, көңіліміз түсіп кетеді. Әрине, өзімізге ұнамаймыз. Ұнамаған соң, ештеңеге зауқың болмайды. Жарқырап, әдемі болсаң, бәріне құштарлығың артады. Сонда энергияң артады, ал энергия ақша», – дейді Сабина.
Айта кететін жайт, Сабина таңғы жетіде әкесіз өсіп жатқан қызы үшін көз жасын төккен еді.