Жаңалықтар

Сербия президенті Вучич ресми сапармен Қазақстанға келеді

Сербия президенті Александр Вучич
фото: Aleksandar Vučić / Facebook

Сербия президенті Александр Вучич ресми сапармен Астанаға келеді. Оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шақыртқан. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Серб басшысы Вучичтің Қазақстанға сапары 26-27 ақпан күндері өтеді. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

«Мемлекет басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылайды», – деп таратты қазақ президентінің баспасөз қызметі.

Ресми мәліметке қарағанда, саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады.

Александр Вучич 2017 жылғы сәуірден бері Сербияны басқарып келеді. 2022 жылы ол екінші мерзімге сайланған.