
Қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы (Assolyaa) Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың тарихи жеңісін өнер туындысына айналдырды. Суретші спортшының бейнесін кілемге салып, ерекше картина ретінде ұсынған.
Өнер иесі әлеуметтік желіде: «@mikhail_shaidorov белгілеңіздерші, картинаны сыйлағым келеді. Осы тарихи сәтті еліміз үшін мәңгілікке бейнелеп қалдырдым!» – деп жазды.
Суретші бұл туынды арқылы Қазақстан спорты үшін маңызды сәтті есте қалдыруды мақсат еткенін айтты. Кілемше түрінде жасалған портретте Шайдоровтың Олимпиададағы жарқын сәті бейнеленген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әсел әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопездің де портретін салып, сыйға тартқан еді.