
Қазақстанға 2025 жылы 15,7 млн шетелдік келген. Көрсеткіш бір жылда 400 мың адамға артқан. Бұл тізімге еңбек мигранттары мен тұрақты тұруға келген адамдар кірмейді.
Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжановтың сөзінше, елге келетін төлем қабілеті жақсы шетелдіктердің басым бөлігі 30-49 жастағы азаматтар. Сондай-ақ туристердің 71%-ы ер адам. Бұл деректер E-qonaq жүйесіндегі деректерге сәйкес түзілген.
Елге Ресей, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Германия, Оңтүстік Корея және араб елдерінен қонақтар жиі келеді.
Одан бөлек мамандар туризмді дамыту, шетелдіктерді Қазақстанмен танысыру мақсатында 16 ақпараттық тур ұйымдастырған. Соның аясында 12 елден 115 журналист, блогер және туроператор келген. Шетелдік мамандар жариялаған материалдар 32 миллионға жуық қаралым жинаған.