
Астана әуежайы 2026 жылдың 15 сәуірі мен 31 мамыры аралығында жабық болады. Әуежайда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ұшу-қону жолағы жабылады. Соған байланысты Air Astana әуе компаниясы рейстер кестесіне өзгерістер енгізді.
Өзгеріс Астанадан Алматы, Қостанай, Өскемен, Атырау және Ақтөбе бағыттарына, сондай-ақ Астанадан Сеул, Франкфурт, Бейжің, Ташкент, Дубай, Фукуок, Нячанг және Ыстанбұл бағыттарына орындалатын тұрақты рейстерге әсер етеді.
Бұл рейс жолаушыларына билет алған кезде көрсеткен байланыс дерегі арқылы хабарландыру жіберіліп жатыр.
Сондай-ақ азаматтар рейс туралы ақпаратты брондау және ақпарат орталығынан біле алады:
help.airastana.com,
+7 727 244 4477, +7 702 702 4477, +7 727 244 4478;
+7 702 702 0074 (WhatsApp).
Айта кетейік, әуежай жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты күндіз жұмыс істемейді. Аэродромның инфрақұрылымы, белгі беруші құрылғыларды жетілдіру үшін және ұшулардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін жөндеу жүргізіледі.