
Алматы облысы Қарасай ауданында сталкинг дерегі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Рустам Әбдірахманов хабарлады.
Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасарының ақпаратынша, 2026 жылғы 25 ақпанда полицияға ауданның 20 жастағы тұрғыны заңсыз соңына түсу дерегі бойынша арызданған.
Оның айтуынша, осы жылдың ақпан айынан бастап бір ер адам бойжеткеннің еркінен тыс онымен байланыс орнатуға тырысып, соңынан қалмай аңдып жүрген.
Сол күні аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне тіркелді.
Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы облысы полиция департаментінің үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеу амалдары бір тәулік ішінде аяқталды. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолдау үшін Қарасай ауданының прокурорына жіберілді.
Соңына түсу, жеке өмірге қол сұғу және тұлғаның қолсұғылмаушылығын бұзатын кез келген әрекетке қатаң тыйым салынады. Мұндай құқыққа қайшы іс-әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Мұның алдында Шымкентте бойжеткенді 3 ай аңдыған сталкер ұсталған еді.