Алматыда тексеруден кейін жүздеген жүргізушіге айыппұл салынды

Алматыда автокөліктерді экологиялық нормаға қатысты тексеру барысында жүздеген бұзушылықтары анықталды. 2026 жылдың 26 ақпанында болған тексеріске қатысты әкімдіктің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Қалалық экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, мегаполисте атмосфералық ауаны қорғау қағидалары шеңберінде автокөлікке қойылатын экологиялық талаптардың сақталуын бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
«Eco Almaty» ЖШС және «Ренессанс Плюс» ЖШС мамандары Алматы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп автомобильдерден шығатын түтіндердің белгіленген нормаларына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
25 ақпанда жылжымалы экологиялық зертханалар мекен-жайы бойынша 42 автокөлікті тексерген:
- Әл-Фараби даңғылы-Дулати көшесі,
- Райымбек даңғылы-Жетісу көшесі,
- Жансүгіров көшесі,
- Құлжа жолы.
«Бензин қозғалтқыштары бар автомобильдерде нормадан асып кетудің 12 жағдайы анықталды. Бұл машиналардың иелеріне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 334-бабына сәйкес айыппұл салынды. Дизельді көліктерде бұзушылықтар тіркелген жоқ», – делінген хабарламада.
12-19 ақпан аралығында стационарлық экологиялық бекеттерде пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтініне 4012 өлшеу жүргізілген.
Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасында бақылау іс-шараларын өткізу тұрақты негізде жалғасатынын атап өтті.