
Қазақстандық актриса Ақбота-Нұр жеке өміріне қатысты тың жаңалығын бөлісті. Ол Review бағдарламасына берген сұхбатында жүрегі бос емес екенін айтып, оқырманын елең еткізді.
Сұхбат барысында жүргізуші актрисадан «Жүрегіңізді жаулаған жан бар ма?» деп сұраған. Ақбота бұл сауалға күлімсірей жауап беріп, нақтысын уақыт көрсететінін жеткізді.
«Жарты жылдан кейін сұраңыздар, сол кезде тойыма шақырамын», – деді.
Әзірге актриса болашақ жары кім екенін жария етпеді. Сүйіктісі өнер адамы емес екенін ғана атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Ақбота-Нұр актер Дәурен Айдарқұловпен шаңырақ көтерген еді. Алайда кейін екеуі ресми түрде ажырасып кеткен.