Ақтауда сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты
Жарияланды

Ақтауда сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты. Қазіргі кезде өрт сөндірушілер орталық аумағындағы өртті сөндіріп жатыр.
Бұл турады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Осы сәтте ТЖМ өрт сөндірушілері Ақтау қаласы 16 шағын ауданында сауда ойын-сауық орталығының аумағында орналасқан жеке тұрған қазандық ғимаратының шатырындағы өртті сөндіруде», – делінген ақпаратта.
Министрліктің ақпаратынша, өрт сөндіру бөлімшелері жоғары шақыру дәрежесі бойынша жұмыс істеп жатыр. ТЖМ күштері мен құралдары өртті жедел сөндіру үшін шоғырланған.
Мұның алданда ТЖМ азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуға шақырған еді.