Жаңалықтар

Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді (видео)

фото: скрин

Ақтау маңында қоқиқаздар пайда болды. Бұл туралы ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Блогердің айтуынша, ерекше көрініс қала іргесіндегі жағалау аумағында байқалған. Кадрлардан бір топ қоқиқаздың су бетінде жайқалып жүргенін көруге болады. Қызғылт түсті әсем құстардың табиғи ортада еркін қалықтауы жергілікті тұрғындардың қызығушылығын тудырған.

Айта кетейік, қоқиқаздар Қазақстанда сирек кездесетін әрі қорғауға алынған құстардың қатарына жатады.

Бұған дейін, Каспий жағасында жаппай аққулар қырылып жатқан еді.