Lifestyle

Asiana Airlines Алматы-Сеул рейстерін қайта ашады

В аэропорту Алматы выявили незаконные выплаты дивидендов на 6,8 млрд тенге
Asiana Airlines Алматы-Сеул рейстерін қайта ашады / Фото: Shutterstock

Оңтүстік Кореялық Asiana Airlines әуекомпаниясы Алматыдан Сеулге және кері ұшатын рейстерін қайтадан ашатын болып шешім қабылдады. Бұл туралы FreedomTravel хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, Алматыдан Сеулдің Инчхон әуежайына және кері ұшатын тікелей рейстер 29 мамырдан бастап ұшады.

Бір ескерте кететін жайт 29 наурыздан 3 мамырға дейін рейс сейсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады. Ал 4 мамырдан 24 қазанға дейін рейс дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі ұшатын болады.

Айта кетейік билетті Freedom SuperApp қосымшасынан алуға болады.

Осыған дейін Ташкенттен Астанаға тікелей әуе рейсі ашылатынын жазған едік. Рейсті 29 наурыздан бастап өзбекстандық Centrum Air әуе компаниясы орындайды.