
Витебск облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері науқастың қалай аман қалғанын айтып берді.
Точка ақпаратына қарағанда, әйел адамның асқазанында тамақ қорытылмай қалған.
Ол шанышқының сабын пайдаланып, лоқсып, тұрып қалған асты құсып тастамақ болады. Алайда, шанышқы өңешке кетіп, кептеліп қалған.
Жақындары жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жеткізген. Тексеруден кейін оны бірден ота жасау бөліміне жіберген. Білікті дәрігерлердің арқасында әйел аман қалды.
«Наркоз арқылы жасалған ФГДС кезінде шанышқы ішінара асқазанға түсірілді. Содан кейін лапаротомия және гастростомия жасалып, бөгде зат сыртқа шығарылды», – деп хабарлады медиктер.
Дәрігерлердің айтуынша, шанышқының өңешке тұрып қалмағаны үлкен сәттілік болған. Әйтпесе, өте ауыр ота жасауға тура келер еді.
Бұған дейін, Түркістанда 15 жастағы қыздың ішінен 1 келідей шаш шыққан..