Жаңалықтар

Бозжыраға апаратын жол құрылысы биыл аяқталады

Бозжыра
Бозжырада қонақүй салынады / Фото: instagram.com/discoverearth; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Бозжыраға апаратын жол құрылысы биыл аяқталады. Бұл туралы Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Сөзінше, Бозжырада қонақүй салатын орын таңдалып жатыр. Одан бөлек Маңғыстау облысы әкімдігі туристік аймаққа апаратын жол құрылысын 2026 жылы аяқтауға уәде берген. Сондай-ақ Бозжырада визит-орталық салынып жатыр.

Айта кетейік, Маңғыстау өңіріндегі туризмді дамыту үшін 2025-2029 жылдары 517 млрд 943 млн теңге бөлінген. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 37 млрд 644 млн, ал республикалық бюджеттен 204 млрд 299 млн теңге бөлінеді. Басқа қаржыландыру көздерінен 276 млрд теңге тартылады.