Елдің бірнеше облысындағы оқушылар онлайн оқуға көшті

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
онлайн оқу, қашықтан оқу, қашықтықтан оқу, школьники на дистанционке
Фото: shutterstock

Қатты аязға байланысты 26 ақпанда Қазақстанның бірнеше аймағында оқушылар онлайн форматта білім алады. Бұл туралы білім басқармалары хабарлады.

Павлодар облысында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1-2 курс студенттері (9-сынып негізінде оқитындар) сабақтарды онлайн режимде өткізеді.

Семей қаласында қатты аязға байланысты 26 ақпанда бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің I-II курс студенттері қашықтан оқиды.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 0-11 сынып оқушыларының (бірінші және екінші ауысым) сабақтары онлайн өтетінін хабарлады. 25 ақпанда да еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріндегі мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатты аяз салдарынан үйден оқыған.

Сондай-ақ Астанадағы оқушылар да осы күні қашықтан оқитын болады.

Сондай-ақ оқыңыз