
Халықаралық конькишілер одағы – International Skating Union (ISU) мәнерлеп сырғанаудан ересектер және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарына қатысушылар тізімін жариялады.
Ересектер арасындағы әлем чемпионаты 24–29 наурыз күндері Прага қаласында өтеді. Ал жасөспірімдер арасындағы жаһандық дода 3 наурызда Таллин шаһарында басталады.
Прагадағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды. Ерлер арасындағы жекелей сында ел атынан Диас Жиренбаев сынға түссе, әйелдер арасында Софья Самоделкина өнер көрсетеді.
Ал олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров бұл жолы әлем біріншілігіне қатыспайды.
Сондай-ақ, Шайдоров 5 сәуір күні Алматыда өнер көрсетуі болған шоу-бағдарламаға да қатыспайтын болды.