Михаил Шайдоров Алматыда өнер көрсетпейтін болды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 5 сәуір күні Алматыда өтетін «Олимпиада жұлдыздарының Милан–2026 көрсетілімдік бағдарламасы» шоуына қатыспайды.
Бұл ақпаратты ұйымдастырушылар растады. Ресми мәлімдеме Almaty Arena парақшасында жарияланған. Күтпеген жағдайларға байланысты Шайдоровтың аталған мұз шоуына қатыса алмайтыны айтылған.
Ұйымдастырушылар спортшыға кәсіби ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, алдағы спорттық мансабына сәттілік тілеген. Сонымен қатар, кеш бағдарламасы бұрынғыдай жарқын әрі мазмұнды болатыны атап өтілді.
Шоуға басқа да танымал мәнерлеп сырғанаушылар қатысады. Олардың қатарында Софья Самоделкина және өзге де талантты спортшылар бар.
Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров чемпион атанып, елге орала сала ерекше құрметке бөленді. Спортшыны әуежайда жүздеген жанкүйер қарсы алып, оған үш бөлмелі пәтердің кілті табысталған еді.