
Ұлыбритания әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі мен форумдардың бірі саналатын Reddit платформасына 14,47 миллион фунт стерлинг (шамамен 19,5-20 миллион доллар) көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.
Бұл шешімге компанияның кәмелетке толмаған пайдаланушылардың жеке дерегін сақтау және өңдеу ережелерін өрескел бұзуы себеп болған.
Жүргізілген тергеу жұмыстары Reddit платформасында пайдаланушының жасын тексеретін сенімді жүйенің жоқ екенін анықтады. Соның салдарынан желі әкімшілігі 13 жасқа толмаған балалардың жеке мәліметтерін ешқандай заңды негізсіз жинап, өңдеп келген.
Сонымен қатар, компания 2025 жылдың қаңтарына дейін жеке деректерді қорғауға қатысты міндетті тәуекелдерді бағалау жұмыстарын жүргізбегені белгілі болды.
Ақпарат комиссары Джон Эдвардс Reddit-тің құпиялылық саясатын «іске алғысыз» деп атап, жас балалардың тексерусіз тіркелуі олардың интернеттегі зиянды контентке тап болу қаупін арттыратынын ескертті.
Бұған дейін Франция билігі Илон Маскке тиесілі X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіне қатысты қылмыстық тергеу бастаған.