Мұрат Әбділдә оқушыларға түрмеден видео үндеу жолдады
Жарияланды

Шымкент қалалық прокуратурасы бастамасы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қылмыстық атқару жүйесі мекемелері мен білім беру ұйымдары арасында арнайы телекөпір ұйымдастырды.
Телекөпір барысында сотты болған блогер Мұрат Әбділдә бейнеролик арқылы оқушыларға үндеу жасады. Ол өз өмірінен мысал келтіріп, заңсыз әрекеттің соңы өкінішке әкелетінін айтып, жас буынды қателікке бармауға шақырды.
Онлайн форматта өткен кездесудің басты мақсаты жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын кеңінен түсіндіру және саналы қоғам қалыптастыру.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мұрат Әбділдә түрмеден шыққан соң немен айналысатынын айтқан еді.