Каспий құбыры арқылы 2025 жылы Еуропаға 70,52 млн тонна мұнай жеткізілді

Абу-Даби қаласында өткен ҚКҚ басқарушы органдарының отырыстарында Қазақстанның мұнай кен орындарында өндірілген «қара алтынның» қанша тоннасы Еуропаға жеткізілгені жөнінде мәліметтер жарияланған.
Компанияның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы 2025 жылы 70,52 млн тонна мұнай тасымалданған. Оның ішінде 2025 жылы Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарынан жүйеге тиісінше 36,6 млн тонна, 9,2 млн тонна және 17 млн тонна мұнай жеткізілген.
ҚКҚ құбыр жүйесі – ТМД аумағындағы энергетика саласындағы ең ірі жобалардың бірі. Теңіз – Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 шақырымды құрайды. Бұл бағыт арқылы Қазақстанның экспортталатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ Ресей кен орындарынан, оның ішінде Каспий теңізі маңында орналасқан кен орындарынан өндірілген шикізат тасымалданады. ҚКҚ теңіз терминалы жағалаудан едәуір қашықтықта танкерлерді қауіпсіз тиеуге мүмкіндік беретін үш айлақтық қашықтан тиеу құрылғысымен (ВПУ) жабдықталған.
Консорциумда кімдер акционер
- КҚК акционерлерінің тізімі мынадай:
- Ресей – 24%
- «КТК Компани» ХК (ЖШҚ) – 7%
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 19%
- Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%
- Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%
- «Лукойл Интернешнл Гмбх» – 12,5%
- Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%
- Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%
- BG Overseas Holdings Limited – 2%
- Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2%
- Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.
Айта кетейік, Қазақстан елде өндірілетін мұнайдың 80%-ын КҚК арқылы Батысқа сатып отыр. Сол себепті экспорт пен өндірістің тоқтаусыз жүруіне қазақ үкіметі мүдделі. Астана дрондар шабуылынан айтарлықтай шығынға батты.