
Әзілкеш Нұрлан Сабуров Ресейге қайтпақ ойы бар. Бұл туралы ол Таиландта өткізген концертінде айтқан.
Шекарадағы жанжалдан кейін Сабуров көпшілік алдына шыққан жоқ еді. Бірақ жоспар бойынша Пхукетке барып, концерт өткізген.
«Ал мен Ресейге қайтуды жоспарлап отырмын. Қайтамын, бірақ ескертіп қояйын, енді тек суперпатриоттық әзілдер айтамын», – дейді ол желіде жарияланған видеолардың бірінде.
Концертте ол өзіне қатысты жағдайды да әзілге айналдырады.
«Меніңше, осындағы көпшілігіңіз «қылмыскердің» концертін көруге келген сияқтысыздар. Тіпті Зеленскийдің өзіне мұндай тыйым салмады-ау. 50 жыл дейді, мен не Дракуламын ба?», – деп қалжыңдайды ол Ресейге кіруіне тыйым салуы жайлы.
Еске салайық, 6 ақпанда Сабуровты Ресейге кіруіне 50 жылға тыйым салды. Оған Ресейдің арнайы қызметі «не соғысқа барасың, не еліңе кетесің» деп шарт қойған.
Әртіс Қазақстан азаматы болғандықтан оның ісін ҰҚК тексеретін болды.