Lifestyle

Қарақат Әбілдина әкесінің асын «дискотекаға» теңегендерге жауап берді

Қарақат Әбілдина / фото: Instagram
Қарақат Әбілдина / фото: Instagram

Қарақат Әбілдина әкесінің асын «концертке, дискотекаға» теңегендерге жауап берді. Әнші хейтерлер үшін құдайдан кешірім сұрады.

«Әкесіне ас беріп, концерт жасады. Мыналарда ұят жоқ екен. Молда бір жақта қалды. Құран оқылатын аста Бекболат, Алтынай Жорабаевалар ән айтып, жартысы дискотека жасап билеп жүр», – деп сынағанын келтірді әнші.

Қарақат Әбілдина бұған қатты ашуланғанын жасырмады. Десе де, өзін-өзі сабырға шақырып, Рамазан айында артық сөйлемеуге үгіттеген.

«Мынадай ақпарат таратып жатқан құдайдан қорықпайтындарға не деуге болады?! Алла кешіре көрсін! Қандай аянышты едіңіздер! Рамазан айында жала – өзіңе жүк. Сөзім емес, сабырым сөйлесін», – деп жазды әнші.

Мұның алдында Қарақат Әбілдина ас беріп, әкесіне арнап жүрек тебірентер жазба қалдырған болатын. Қарақат Әбілдинаның әкесі Түлкібай Аманжолұлы биыл тоқсанға келер еді.