Санкция ұшыраған «Росатом» мәлімдеме жасады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Росатом, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Ұлыбританияның сакнциясына ұшыраған «Росатом» мәлімдеме жасады. Энергетикалық компания еуропалық санкцияларды «заңсыз» деп есептейді.

«Росатом» кез келген біржақты шектеулерді халықаралық құқық тұрғысынан заңсыз деп есептейді. «Росатом» атом энергетикасы саласындағы сөзсіз әлемдік көшбасшы болып табылады және жекелеген мемлекеттердің біржақты әрі легитимді емес шешімдері бұл мәртебеге нұқсан келтіре алмайды», – деп жазылған компания мәлімдемесінде.

Корпорация шетелдегі барлық жобалар бойынша міндеттемелерін жалғастыратынын хабарлаған. Халықаралық нарықтағы үлесі 90% дегенді айта келе, 60-тан аса елмен сенімді әріптес болып қала береміз дейді.

Еске салайық, 24 ақпанда Ұлыбритания Ресейдің экономикалық және әскери әлеуетін әлсіретуге бағытталған ең ірі санкция пакетін жариялады. Қара тізімге 300-ге жуық компания кірген. Олардың арасында Ресей экспортының 80%-ын тасымалдайтын «Транснефть» компаниясы және «Росатом» құрылымдары бар.

Еске салайық, Қазақстандағы тұңғыш атом станциясын салу құқығы да «Росатомға» берілген. Астана АЭС салуға қажетті қаржыны да Ресейден алмақ.

Сондай-ақ оқыңыз