Жаңалықтар

Тоқаевтың шақыруымен Астанаға құрметті қонақ келді

фото: Үкімет баспасөз қызметінен

Бүгін Астанаға Тоқаевтың шақыруымен Сербия президенті Александр Вучич келді. Құрметті қонақты әуежайдан премьер-министрі Олжас Бектенов күтіп алды.

«Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары аясында саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарлануда», – деп жазылған үкімет хабарламасында.

фото: Үкімет баспасөз қызметінен
фото: Үкімет баспасөз қызметінен

Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын серіктесі. Екі ел арасында дипломатиялық, достық қарым-қатынас орнаған. Ресми дерекке сүйенсек, былтыр Сербия мен Қазақстанның арасындағы тауар айналымы 107 млн доллардан асты.

15 ақпанда Тоқаев Сербия президентін Мемлекеттік күнімен құттықтаған. Ал он күннен кейін Ақорда оның Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлады.