Lifestyle

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ерекше мәзір ұсынды

Бұл тағам ораза ұстағандар үшін ауызашарада ерекше дәм болмақ / фото: Instagram
Бұл тағам ораза ұстағандар үшін ауызашарада ерекше дәм болмақ / фото: Instagram

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы тарыдан, сүттен тез әрі жылдам жасалатын десерт мәзірін ұсынды.

Оның айтуынша, бұл тағам ораза ұстағандар үшін ауызашарда ерекше дәм болмақ.

«Өте пайдалы. Күнде бір нәрсе істей берген соң, ерекше бірдеңе жасағың келеді… Көп қыздар әдемі рецептер болса, бөлісіп отырыңызшы деп сұрап жатыр. Ауызашарға күшті десерт жасап жатырмын. Үйіңізге қонақ келгенде де дайындалғаныңыз көрініп тұрады. Қолдан пісірген тәттілер – келген қонаққа көрсеткен құрметіңіз. Бұл мәзірлерді үйреніп алып, көршілеріңізге сатсаңызда болады», – деп кеңес берді Айман Талғатқызы.

Оның сөзінше, тарыдан жасалған десертті кей өңірлерде «сөк» деп те атайды.

Тұрсынбек Қабатовтың жары ұсынған мәзір қарапайым.  4-5 үлкен қасық қаймақ пен 4-5 үлкен қасық қойытылған сүт керек. Екеуі жақсылап араластырылады. Сосын ыстық суға жуып, тарыны әзірлеп қою қажет. Оны ыстық сүтке бес минут қою ләзім. Сүтін сорғытып ыдысқа салып, үстінен крем құйлады. Мұздатқышқа 15 минут қойса, десерт дайын.  

Мұның алдында желіде Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелімен қажылықта жүрген суреті тараған болатын.