Ыстықкөлде 17 жастағы қызының жүкті екенін білген әйел өзін-өзі өртеп жіберді

Қырғызстанның Ыстықкөл облысының Ақсу ауданында әйел адам өзін-өзі өртеп, алған жарақаттарынан көз жұмды. Бұл туралы облыстық ІІБ баспасөз қызметі хабарлады.
Kaktus.media ақпаратына қарағанда, 25 ақпанда полицияға 1985 жылы туған жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Ол 2009 жылы туған қызының 16 апталық жүкті екенін айтқан. Милиция қызметкерлері кәмелетке толмаған қызды жауапқа алған.
Алайда анасы «елден ұят болды» деп, жауап алуға қатысудан бас тартқан. Сұхбат отбасы мен балаларды қорғау жөніндегі аудандық басқарма қызметкерінің қатысуымен өткен.
Сол күні сағат 21:00 шамасында жасөспірімнің анасы «дүкенге барамын» деген желеумен үйінен шығып, үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеп жіберген. Әйел алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.
«НұрАй & Ко» туристік компаниясы Алматы әуежайында 25 тамызда түнде өзін-өзі өртеген жас жігіттің әйелімен дауласқанын хабарлаған еді.