Отбасы банк зейнетақы төлемдері үшін өтініш тапсыру тәртібін өзгертті
Жарияланды

Отбасы банк клиенттеріне зейнетақы жинақтарын пайдалануға арналған онлайн-платформаның жұмыс кестесіндегі өзгерістерді мәлім етті.
«Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы өтініштерді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою және оларды Банктің қарауына жолдау күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жүзеге асырылады. Құжаттарды жүктеу және дайындау тәулік бойы, шектеусіз қолжетімді», – делінген хабарламада.
Банкте өтініштерді қарау кезінде кешігуді болдырмау үшін құжаттарды тапсыруды жоспарлау кезінде белгіленген кестені ескеру ұсынылады.
Еске салайық, «Отбасы банк» бірнеше қалада жеңілдетілген ипотекаға өтінім қабылдай бастады. Жылдық мөлшерлеме – 2% немесе 5%. Пәтерлер кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.