Алматыдағы «Астана» алаңы 1 наурызда жабылады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Алматыдағы «Астана» алаңы 1 наурызда жабылады / Фото: Shutterstock

Алматыда 1 наурыз, жексенбіде азаматтық қорғаныс күніне орай көрме өткізу үшін «Астана» алаңы уақытша жабылады, деп хабарлады мегаполистің Төтенше жағдайлар департаменті.

Іс-шара сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өтеді. Төтенше жағдайлар демпартаментінің қызметкерлері 50 бірлік өрт және құтқару техникасын, сондай-ақ, арнайы жабдықтарды ұсынады.

«Ашық сынықтары мен жарақаттары бар нақты манекендерде шеберлік сабақтары өтеді. Сондай-ақ, мобильді платформада жер сілкінісі тренажерін сезінуге болады, бұл көлденең және тік соққыларды имитациялайтын қонақ бөлмесінің макеті», – деп хабарлады департамент.

Құтқарушылар мобильді аурухананы да орналастырды.

1990 жылдан бастап әлемде 1 наурыз Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз